WorldSkills Kazakhstan
 

WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионатының қорытындысы

 
http://worldskills.kz/wp-content/uploads/2017/05/2.jpg

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингi» 2017 жылдың 2 – 5 мамыр аралығында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan – 2017» Ұлттық чемпионаты өткізілді.

Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта WorldSkills 76 мемлекетте қолдау тауып отыр. Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелді.

WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жастардың болашақта жұмыс тауып, отбасын асырай алатын мамандықтарды иеленуі де басты мақсаттардың бірі. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.

Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген ынтасының нәтижесін Республика бойынша өткізілген сайысқа түскен 2000 жуық қатысушы мен 3000 – дай эксперттің жұмысы дәлел.

Өңірлік жарыстардың жеңімпаздары Ұлттық сайысқа келесі 30 құзіреттілік бойынша бақ сынасты: мехатроника, инженерлік графика (автоматты жобалаудың жүйесі), дәнекерлеу технологиясы, сантехника және жылыту, электроника, веб-дизайн және құрастыру, электромонтаждау, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, сылау және декоративті жұмыстар, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, мейрамхана ісі, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, нан пісіру шебері, дәнекерлеу ісі, жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, кузовты жөндеу жұмыстары, плиткамен қаптау, сандық бағдарламалы басқаруы бар білдектегі токарь жұмыстары, ағаш шеберінің ісі, ағаш ұстасының ісі, аспаз ісі, шатыр жұмыстары (презентациялық нұсқада), жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу, визуалды мерчандайзинг және витринистика, флористика және бетон жұмыстарының технологиясы. Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 300-ге жуық қатысушы мен 400-ге жуық сарапшы қатысты. Нәтижесінде қатысушылар 34 алтын, 32 күміс, 29 қола жүлделеріне ие болды.

«Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет өткізілуде. Жарыстың жеңімпаздары 2017 жылдың мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) Ұлттық чемпионатына қатысады. Сонымен қатар қазан айында WorldSkills Kazakhstan Ұлттық құрама командасы Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатысады.

WorldSkills Kazakhstan 2017 Ұлттық чемпионаты жеңімпаздарының тізімі:


Әлеуметтік желілерде бөлісу: