WorldSkills Kazakhstan
 

«WorldSkills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионаты басталды

 
http://worldskills.kz/wp-content/uploads/2017/05/IMG_1889-1.jpg

Астанада «WorldSkills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта WorldSkills 76 мемлекетте қолдау тауып отыр. Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлет болып тіркелді.

«Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет жалпыұлттық чемпионат болып өткізілмек. Жарыстың жеңімпаздары 2017 жылдың мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) Ұлттық чемпионатына қатысады. Сонымен қатар қазан айында WorldSkills Kazakhstan Ұлттық құрама командасы Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатыспақ.

WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол маман тапшылығын азайтып, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Жастардың болашақта жұмыс тауып, отбасын асырай алатын мамандықтарды иеленуі де басты мақсаттардың бірі. Бұл жоба жас мамандардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін үлкен бағыт.

Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген ынтасының нәтижесін биыл өңірлік чемионаттарда 30 құзіреттілік бойынша (2015 жылы – 7, ал 2016 жылы – 15 мамандық бойынша) сайысқа түскен 4 мыңға жуық қатысушы мен 3 мыңнан астам эксперттің жұмысы дәлел.

2 -5-і мамырда өңірлік жарыстардың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, келесі құзіреттіліктер бойынша сайыстарға түседі: мехатроника, инженерлік графика (автоматты жобалаудың жүйесі), дәнекерлеу технологиясы, сантехника және жылыту, электроника, веб-дизайн, электромонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, сылау және декоративті жұмыстар, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, мейрамхана сервисі, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, нан пісіру шебері, дәнекерлеу ісі, жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, кузовты жөндеу жұмыстары, плиткамен қаптау, сандық бағдарламалы басқаруы бар білдектегі токарь жұмыстары, ағаш шеберінің ісі, ағаш ұстасының ісі, аспаз ісі, ландшафт дизайны, шатыр жұмыстары (презентациялық нұсқада), жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу, визуалды мерчандайзинг және витринистика. Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен келетін 300-ге жуық қатысушы мен 400-ге жуық сарапшы атсалысады.

Астана қаласы «Көрме» көрме залында 2 – 5 мамыр аралығында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2017» Ұлттық чемпионаты шеңберінде алғаш рет мүмкіндіктері шектеулі Abilympics (Абилимпикс) және есту қабілеті нашар Deafskills оқушылары арасында кәсіби шеберлік бойынша сайыстар өтеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу: