WorldSkills Kazakhstan
 

«APEC Petrotechnic колледждің тәжірибесін тарату» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференциясы

 
http://worldskills.kz/wp-content/uploads/2017/10/IMG_4885-1024x683.jpg

«Экономика 3.0 сұраныстарын ескере отыра кадрларды даярлау және қайта даярлауды жаңғырту» жобасы шеңберінде «APEC Petrotechnic колледждің тәжірибесін тарату» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференциясы.

«Экономика 3.0 сұраныстарын ескере отыра кадрларды даярлау және қайта даярлауды жаңғырту» жобасы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау үшін 2017 жылдың 3 қарашасында Атырау қаласының «APEC PetroTechnic» жоғарғы колледжінің базасында «APEC Petrotechnic жоғары колледжінің тәжірибесін трансляциялау» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н.Ж. Оспанова, «Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Г.Н.Гамарник, облыстық білім беру басқармаларының басшылары, олардың орынбасарлары, колледж директорлары мен олардың орынбасарлары және оқытушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 80-нен астам адамды құрады.

 

 

Ғылыми-практикалық конференция кадрларды даярлау жүйесіндегі ең озық тәжірибені тарату және  заманауи білім беру орталықтарының жаңа өсу нүктелерін анықтауға бағытталған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоспардың бір бөлігі болып табылады.

Конференция басталғанға дейін қонақтар APEC PetroTechnic-тің материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи технологиялар және жоғары тиімді құралдармен жабдықталған дәрісхана мен зертханаларда болды. Конференция барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Н.Ж. Оспанованың «Экономика 3.0 сұраныстарын ескере отыра кадрларды даярлау және қайта даярлауды жаңғырту жобасы туралы», Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі  Г.Н Гамарниктың «Құзыреттілік орталықтары – ҚР экономикасы үшін кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырудың жаңа форматы» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, қатысушылар назарына «APEC PetroTechnic» жоғарғы колледжінің базасында халықаралық білім беру хабын құру, өнеркәсіптік кеңестің құрылуы мен қызметі, жұмыс орнында оқыту жүйесі, экономика 3.0 үшін жаңа формациядағы оқытушыларды даярлау, коммерциялық жобаларды дамыту және студенттердің кәсіптік тіл құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша  «APEC PetroTechnic» жоғарғы колледжінің басшылығы мен жетекші мамандарының баяндамалары ұсынылды.

Баяндамаларды талқылау барысына Алматы экономикалық колледжінің директоры Қасымбек Ж., Оңтүстік Қазақстан облысының №2 колледжінің оқу-өндірістік бөлімі директорының орынбасары Харахордин И.В. және конференцияның басқа да қатысушылары белсене қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша, жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру бойынша кәсіптік-бағдарлау және насихаттау жұмыстарының мазмұнын күшейтуде «WorldSkills Kazakhstan» жобасының оң имиджін қолдану және «APEC Petrotechnic» жоғары колледжінің озық тәжірибесін енгізу жөніндегі шараларды сәтті жүзеге асыру үшін колледждерге жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған облыстар, Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларына, «Кәсіпқор» холдингі» КАҚ, «APEC Petrotechnic» жоғары колледжіне бағытталған ұсынымдар қабылданды.


Әлеуметтік желілерде бөлісу: