WorldSkills Kazakhstan
 

«Конкурстық тапсырмаларды бағалау туралы» оқыту семинары

 
http://worldskills.kz/wp-content/uploads/2018/01/41bab86-meeting-1-e1454592025383_1000xauto-min_resized.jpg

2018 жылы 12 қаңтарда Көкшетауқаласында №1 Техникалық колледж базасында WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту мақсатында «Конкурстық тапсырмаларды бағалау туралы» оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында чемпионатқа қатысушыларды бағалау бойынша оқыту жүргізілді. «Кәсіпқор» холдингі» өкілімен чемпионатты өткізу кезіндегі еңбекті қорғау саласындағы саясаты мен ережелері, қоршаған ортаның қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар WorldSkills бағдарламасының қол жетімділігі, WorldSkills Этика мен тәртіп кодексін ұстану бойынша танысу дәрісі өткізілді.

Сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan ұлттық сарапшылары құзыреттілік бойынша конкурстық тапсырмалармен әдістемелік жұмыс туралы айтып кетті.


Әлеуметтік желілерде бөлісу: