WorldSkills Kazakhstan
 

«WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар өтті

 
http://worldskills.kz/wp-content/uploads/2018/02/IMG-20180209-WA0006-1024x768.jpg

Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту мақсатымен 2018 жылдың 8 ақпанында Астана қаласында «WorldSkills стандарттары бойынша чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар өтті.

 

 

 

 

Семинар барысында келесі модульдер бойынша тренинг өткізілді:

  • WorldSkills International тарихы;
  • конкурстық алаңда сарапшылардың рөлі;
  • WorldSkills стардарттары бойынша төрешілеу ережелері;
  • чемпионаттарды өткізу кезінде CIS жүйесін (жарыстардың ақпараттық жүйесі) қолдану.

Семинар шеңберінде аймақтық чемпионаттардың ұйымдастырушы комитеттерінің өкілдеріне оқу материалдары ұсынылды. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдері чемпионаттарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін түсіндірді, WorldSkills қозғалысының одан әрі дамуы үшін аймақтық чемпионаттарды ұйымдастырушы комитеттер өкілдерінің және сарапшылардың ұсыныстары талқыланды және ескерілді.

Семинар қатысушылары CIS жүйесін қолданудың практикалық тәжірибесімен танысты.

Семинарға 107 адам қатысты:

  • облыстық және Астана, Алматы қалалары Білім басқармаларының өкілдері;
  • колледж директорлары және директорлар орынбасарлары;
  • колледж оқытушылары, преподаватели, өндірістік оқыту шеберлері;
  • жұмыс берушілердің өкілдері;
  • ҰКП мен АКП өкілдері.

Әлеуметтік желілерде бөлісу: