WorldSkills Kazakhstan
 

Шығыс Қазақстан облысының сарапшыларына оқыту өткізілді

 

Шығыс Қазақстан облысының Worldskills Kazakhstan 48 сарапшысына,
8 және 11 қыркүйек күні, оқыту семинарлары өткізілді. Семинарлар
шеңберінде өңірлік чемпионатқа қажет құжаттамаларды (техникалық сипаттама, инфрақұрылымдық парақ, конкурстық тапсырмалар және бағалау критерийлері) қалыптастыру бойынша мәселелер қаралды. Чемпионат алдындағы ұйымдастыру іс-шаралары және халықаралық чемпионаттардың талаптарына сәйкес CIS бағалау бағдарламасын қолдана отырып, қатысушыларды бағалау жүйесін әзірлеу мұқият түсіндірілді. Толық нұсқаулық әрі қарай практикалық қолдану үшін слайдтарда ұсынылған.


Share in social networks: