WorldSkills Kazakhstan
 

Таратылған Еуразиялық чемпионат – Еуразия кеңістігіндегі елдері үшін жаңа мүмкіндіктер

 

WorldSkills Russia «Жас кәсіпқойлар (WorldSkills Russia)» VIII ұлттық чемпионатының финалы аясында жаңа арақашықтық және күндізгі форматта Еуразиялық кеңістіктің елдері, яғни Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан және Өзбекстан құрамалары қатысатын таратылған Еуразиялық чемпионатын жүзеге асыруда.

Іс-шара 2020 жылдың 20 шілдесінен 21 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

Қазақстанның сарапшылары мен сайыскерлері WorldSkills-тің 8 негізгі құзыреттіліктері және 5 WorldSkills Juniors құзыреттіліктері бойынша қатысуда.

Осылайша, бірінші кезеңде (шілде – тамыз) сарапшылар оқытылды. Екінші кезеңде (тамыз-қыркүйек) сарапшылар мен сайыскерлерге арналған оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды, ал қорытынды кезең  сайысу бөлігі – таратылған Еуразиялық чемпионаты, оған Еуразиялық кеңістіктегі елдерінің командалары қатысады.

Еуразиялық чемпионаттың мақсаты – елдердің жаңа дағдылар, машықтар мен тәжірибе алуы, сонымен қатар өздерінің ұлттық кадрларды дайындау жүйелерінде алынған практиканы одан әрі кеңейту.

Слушаш Сәтбекқызы Құрманбекова, «Тalap» КЕАҚ президенті, WorldSkills Қазақстан ұлттық операторы атап өткендей: «Қазақстанның WorldSkills International қозғалысына қосылуы техникалық және кәсіптік білім берудің (ТжКБ) ұлттық кадрлар жүйесін қайта қарауға негіз болды. Халықаралық чемпионаттарға қатысу, кадрларды даярлаудың қазіргі әлемдік тенденцияларын зерттеуге, сондай-ақ отандық ТжКБ жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан құрамасының таратылған Еуразиялық чемпионатына қатысуы, чемпионатты қашықтықтық-күндізгі форматта өткізу тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Жұмыс қолдары олимпиадасында» олардың көрсеткіштерін жақсарту үшін сарапшылар мен сайыскерлерді даярлау бойынша жұмысты түзетуге мүмкіндік береді. Бірақ біз ең алдымен біздің түлектеріміздің трансформацияға дайын болуын және қазіргі әлемнің жаңа жағдайларына бейімделуін қалаймыз».

Еуразиялық чемпионатты өткізу, кәсіби қоғамдастықтардың дамуына және еуразиялық елдер үшін неғұрлым талап етілетін және перспективалы жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік даярлау стандарттарын үндестіруге, сондай-ақ құзыреттерді тәуелсіз бағалау мен танудың ұлтаралық жүйесін қалыптастыруға және енгізуге ықпал етеді.

 «Біздің міндетіміз – әлемдік тәжірибені ескере отырып, WorldSkills құралдарын қолдана отырып, ұлттық кадрларды даярлау жүйесінің сапасын арттыру. Ол үшін біз ұлттық стандарттарды әлемдік стандарттармен және сала қызметкерлеріне қойылатын талаптармен салыстырамыз, өсудің кемшіліктері мен эталондарын анықтаймыз. Құзыреттіліктерді дамытудағы үздік әлемдік және ұлттық тәжірибелер кәсіби шеберлік чемпионаттарында анықталады және тексеріледі, әрі қарай білім беру жүйелерінде кеңейтіледі. Біздің әдіснамамыз өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді, сондықтан басқа елдермен тәжірибе алмасу біз үшін маңызды басымдықтардың бірі болып табылады», – дейді «Жас кәсіпқойлар (WorldSkills Russia)» Одағы Бас директорының орынбасары, WorldSkills International WorldSkills Europe және WorldSkills Asia Ресейден техникалық делегаты Алина Досканова.

Қазақстан өкілдерінің Еуразиялық чемпионатқа қатысуы – елдегі қозғалысты одан әрі дамыту және ТжКБ жүйесіне озық практикалар мен WorldSkills құралдарын енгізу үшін WorldSkills Russia-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жалғасы. Сондай-ақ, бұл мектеп оқушыларына арналған юниорлық бағыттан кәсіпорын қызметкерлеріне арналған hi-tech және digital дейінгі чемпионаттық қозғалыстың кешенді дамуына ықпал етеді.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының құрамасы жыл сайын WorldSkills Russia Ұлттық чемпионатының финалына қатысады. Жаһандық өзгерістерге қарамастан WorldSkills Russia әзірлеген қашықтықтық-күндізгі форматты, Ресеймен өзара әрекеттесуді сол деңгейде тиімді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жас кәсіпқойлары чемпионатқа «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстар», «Электромонтаж» құзыреттіліктерінде, сондай-ақ «CAD инженерлік дизайны», «Желілік және жүйелік басқару», «Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер», «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн және әзірлеу», «Ақпараттық кабельдік желілер» цифрлық мамандықтарында да қатысады.

Дина Афанасьеваның (Павлодар қ. «Ақпараттық технологиялар колледжі» түлегі (қазіргі “Торайғыров Университет” КЕАҚ студенті), «веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша бәсекелесетін қазақстандық жас маманның айтуы бойынша: «Халықаралық чемпионатқа қатысу өзінің практикалық дағдыларын дамытуға және теориялық білімдерін нығайтуға ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің қатысушыларымен және сарапшыларымен үздік практикалары және құралдармен алмасып, халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Қазіргі жаһандық ахуалға байланысты, жаппай цифрландыру және көптеген салалардың веб-форматқа көшуін ескере отырып, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыретінің перспективасы өте жоғары. Бұл саланың мамандары индустрияның көптеген спектрлерінде қажет».

Қазіргі заман шындығы мен жаңа жаһандық сын-қатерлер кадрлар даярлау жүйесінен трансформация мен бейімделуді талап етеді. Олар жаңа және бірегей тәсілдің дамуына ықпал етті және онлайн технологияның мүмкіндіктерін көрсетті. Қашықтықтық және онлайн форматқа білім беру процесі ғана емес, сонымен қатар WorldSkills чемпионаттары да бейімделуде. Бұған мысал Еуразиялық чемпионаттың қашықтықтық және таратылған форматы.

Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша кешенді жұмыс ТМД елдерінде бірыңғай еңбек нарығын және жұмыс стандарттарын қалыптастыруды ескере отырып, кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесін бәсекеге қабілетті деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Осылайша, жаңа шындық мобилдікке мүмкіндік тудыратынын атап өтуге болады , өйткені сандық форматта бұл оңайырақ деген ойдамыз. Осы ретте кадрлардың осындай мобилдігі және жаһандық интеграциясы үшін әлемдік деңгейдегі дағдылар маңызды, сондықтан WorldSkills талаптарын (стандарттарын) масштабтау және енгізу – WorldSkills Kazakhstan-ның Ресейдегі әріптестерімен серіктестігінің шеңберіндегі басым міндеттерінің бірі.

Бірақ Қазақстанның «Жұмыс қолдары олимпиадасында» нәтижелілігін жақсарту үшін әлі де белгілі бір жұмыс күтіп тұр. Бірінші кезекте Қазақстанда WorldSkills қозғалысын дамыта отырып, біз жұмысшы мамандықтарының беделін арттырамыз, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге ықпал етеміз. Барлық WorldSkills WorldSkills Kazakhstan қоғалысының мүдделі тараптарына, оның ішінде аймақтың Білім басқармаларына, сайыскерлер оқитын және WorldSkills сарапшылары жұмыс істейтін ТжКБ ұйымдарына,  олардың әлеуметтік серіктестеріне, яғни Еуразиялық чемпионаттың қатысушыларына ерекше алғыс айтамыз.

Сайыскерлеріміз бен сарапшыларымызға сәттілік тілейміз!!!


Share in social networks: