WorldSkills Kazakhstan
 

Демоемтихан бойынша сұрақтар

 

Құрметті әріптестер!

Қазіргі уақытта «Talap» КЕАҚ ТжКБ ұйымдарына WorldSkills стандарттарын ескере отырып демонстрациялық емтихан өткізу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуде.

Осыған орай бізге ТжКБ ұйымдарының тарапынан демонстрациялық емтиханды өткізу бойынша сұрақтар түсіп жатады, яғни ерекшеліктері, бағалау жүйесі бойынша, қорытындысында бұның студенттерге/түлектерге не беретіні жайлы?

Төмендегі сұрақтарға жауап алуға болады:

Демонстрациялық емтихан бойынша сұрақтар мен жауаптар

 

  1. Демонстрациялық емтихан дегеніміз не?

Демонстрациялық емтихан – біліктілік емтиханы немесе жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау.

Демонстрациялық емтихан – түлектерді даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі (сертификаттау).

 

  1. Демонстрациялық емтихан мен қазіргі тәсілдеменің айырмашылығы неде?

Жалпы алғанда, демонстрациялық емтихан, қазіргі тәсілдеме сияқты, нақты қызметтер мен өндірістік процестерді модельдеу жағдайында практикалық дағдыларды, білім мен машықтың деңгейін көрсетуді және тәуелсіз сараптамалық бағалау процедурасын қарастырады.

Басты айырмашылық бағалаудың заманауи мультикритериалдық әдісімен WorldSkills талаптарын (стандарттарын) қолдану болып табылады.

 

  1. Демонстрациялық емтихан өткізудің негізі?

– Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (көрсеткіш: 2025 жылға дейін WorldSkills стандарттарын ескере отырып, демонстрациялық емтихандарын өткізетін техникалық және технологиялық бейіндегі мемлекеттік колледждердің үлесі 100% );

– МЖМС (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы);

– Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу (ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. №125 бұйрығы);

– Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар (сайтта: www.worldskills.kz.).

 

  1. Демонстрациялық емтиханды кім тапсыра алады?

Демонстрациялық емтиханды ТжКБ ұйымдарында немесе оқу орталықтарында кәсіптік модульдерді меңгерген студенттер мен түлектер тапсыра алады.

 

  1. Демонстрациялық емтиханға арналған тапсырманы кім әзірлейді?

ТжКБ ұйымдарының немесе оқу орталықтарының демонстрациялық емтихан өткізуге жауапты сараптамалық тобы.

 

  1. Кім өткізеді және кім бағалайды?

Бағалауға студенттің/түлектің дайындық сапасына және оның емтиханда көрсетілген мүмкіндіктеріне көз жеткізе алатын кәсіпорындардың тиісті бейін бойынша қызметкерлері/сарапшылары қатысады.

 

  1. Демонстрациялық емтиханның ұзақтығы?

Бір емтихан тапсырушыға практикалық дағдыларды көрсету ұзақтығы 12 сағаттан аспайды.

 

  1. CIS жүйесі дегеніміз не?

CIS (Competition Information System) – бұл демонстрациялық емтихан немесе WorldSkills чемпионаттары кезінде ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтама. Жүйеге рұқсатты белгіленген талаптарға сәйкес WorldSkills қозғалысының ұлттық операторы береді.

 

  1. Бағалау процесі қалай жүргізіледі?

Сарапшылардың бағалау критерийлері алдын ала әзірленеді. Бағалау критерийлері 50-ден 300-ге дейінгі аспектілерге мүмкіндік береді және олар CIS-ке нәтижелерді бағалау үшін енгізіледі. Кәсіпорындар мен колледж қызметкерлерінен құралған сарапшылар тобы CIS (Competition Informational System – бағалауға арналған ақпараттық жүйе) жүйесінде өңделетін өлшемшарттар бойынша балл қояды және нәтижені ресімдейді.

 

  1. Демонстрациялық емтихан тапсырған студенттер/ түлектер нәтижесінде не алады?

Студенттер/түлектер Құзыреттілік паспортын алады (Skills Passport). Бұл дипломға қосымша, яғни кәсіби маманның электронды паспорты. Жұмыс берушілер, түлектің қанша балл алғанын, сондай-ақ қандай кәсіби машығы мен дағдылары үшін алғанын көре алады. Емтихан тапсырушылардың паспортымен www.worldskills.kz. сайтында танысуға болады.


Share in social networks: