WorldSkills Kazakhstan
 

Астанада «WorldSkills Kazakhstan – 2017» жас мамандар чемпионаты басталды

 
https://worldskills.kz/wp-content/uploads/2017/05/IMG_3174-1024x683.jpg

IMG_3199

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада еліміздің үздік жұмысшы маманын анықтайтын дәстүрлі «WorldSkills Kazakhstan – 2017» Ұлттық чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. Онда еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған 400-ден астам жас маман сынға түседі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Worldskills Казақстан» жобасы биыл үшінші рет өткізіліп отыр. Жарыс жеңімпаздары 2017 жылдың мамыр айында Краснодар қаласында өткізілетін Ресейдің «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) Ұлттық чемпионатына қатысады. Сондай-ақ, WorldSkills Kazakhstan Ұлттық құрама командасы қазан айында Әбу -Даби қаласында (БАӘ) өтетін WorldSkills Competition әлемдік чемпионатына қатысады. «Биылғы чемпионаттың бір ерекшелігі, Қазақстан ТМД елдерінің өкілдерінің және мүмкіндігі шектеулі жандардың сайысқа қатысуына рұқсат етті. Қазақстан Республикасы мүгедектерді кәсіптік бағдарына және жұмысқа орналасуына жәрдем беретін «Абилимпикс» ұйымымен және Deafskills халықаралық қауымдастығымен ынтымақтастық орнатты. «WORLDSKILLS» қозғалысы республикада кеңінен танылып келеді. Биыл еліміздің барлық өңірінен 400 қатысушы бақ сынайды және бизнес саласынан 500 сарапшы, 5 мыңнан астам мектеп оқушылары, колледж бен ЖОО студенттері шақырылды. Сіздердің дайындықтарыңыз, терең білімдеріңіз және шығармашылық қабілеттеріңіз жоғары нәтижеге қол жеткізуге, ұстаздарыңыздың сенімін ақтауға септігін тигізеріне сенімдімін», – деп лебіз білдірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева. 2-5 мамыр күндері өңірлік жарыстардың жеңімпаздары өзара бақ сынасып, мехатроника, инженерлік графика (автоматты жобалаудың жүйесі), дәнекерлеу технологиясы, сантехника және жылыту, электроника, веб-дизайн, электромонтаж, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, сылау және декоративті жұмыстар, шаштараз өнері, киім дизайны және үлгілеу, мейрамхана сервисі, суыту және желдету техникаларына қызмет көрсету, желілік және жүйелік басқару, графикалық дизайн, нан пісіру шебері, дәнекерлеу ісі, жүк автокөліктеріне қызмет көрсету, кузовты жөндеу жұмыстары, плиткамен қаптау, сандық бағдарламалы басқаруы бар білдектегі токарь жұмыстары, ағаш шеберінің ісі, ағаш ұстасының ісі, аспаз ісі, ландшафт дизайны, шатыр жұмыстары (презентациялық нұсқада), жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу, визуалды мерчендайзинг және витринистика бойынша сынға түседі. Сондай-ақ, бұл күндері Астана қаласындағы «Көрме» орталығында алғаш рет «WorldSkills Kazakhstan-2017» Ұлттық чемпионаты аясында мүмкіндіктері шектеулі Abilympics (Абилимпикс) және есту қабілеті нашар Deafskills оқушылары арасында кәсіби шеберлік сайыстары өтеді. Еске сала кетсек, Қазақстан WorldSkills қауымдастығының құрамына 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелді. Қазіргі уақытта WorldSkills 76 мемлекетте қолдау тауып отыр. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның жұмыс беруші компанияларын WorldSkills қозғалысына қолдау көрсетуге шақырған еді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/astanada-worldskills-kazakhstan-2017-zhas-mamandar-chempionaty-bastaldy_a3022864


Әлеуметтік желілерде бөлісу: