WorldSkills Kazakhstan
 

«WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты

 
https://i1.wp.com/worldskills.kz/wp-content/uploads/2017/04/Logo-WorldSkills-Kazakhstan2017.jpg?fit=1024%2C628&ssl=1

Logo WorldSkills Kazakhstan2017

Білім және ғылым министрлігінің және облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен студенттер арасында «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі өткізілді. Қызылорда өңірінде үшінші рет ұйымдастырылған байқауға 11 кәсіп бойынша 75 студент қатысты. Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов байқау жеңімпаздарын марапаттап, республикалық кезеңге жолдама алғандарға сәттілік тіледі.
Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 29 наурыз күні өткен еді. Оған 11 кәсіп бойынша студенттер қатысқан. Нақты айтқанда, Қызылорда политехникалық колледж базасында «Дәнекерлеу технологиясы», «Сантехника және жылыту» мамандығы, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің базасында «Кірпіш қалау» мамандығы, Қызылорда индустриалды техникалық колледжінде «Аспазшы ісі», «Киімдер дизайны және модельдеу» мамандығы, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Желілік және жүйелік басқару», «Слесарлық іс» мамандығы, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы техникалық колледжде «Электромонтаж», «Жүк автокөліктеріне қызмет көрсету» мамандығы, Болашақ университетінің колледжінде «Шаштараз өнері» мамандығы, Абылайхан атындағы колледжде «Веб-дизайн» мамандығы бойынша кәсіптік байқаулар өткен. Нәтижесінде, 2-5 мамырда Астана қаласында өтетін ақтық сынға 8 кәсіп бойынша жеңімпаздардар жолдама алды. Сәні мен салтанаты келіскен марапаттау рәсімі Абылай хан атындағы колледжде өткізіліп, жеңімпаздар да, қатысушылар дән риза болысты. Байқауға белсене қатысушылар да қалыс қалмай, Алғыс хаттармен марапатталды.
«WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты 2014 жылдан бері «WorldSkills International» халықаралық қозғалысының қатысушысы болып бекітілген болатын. Оған әлемнің 76-дан астам мемлекеті қатысады. «WorldSkills International» халықаралық қозғалысының негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының беделін көтеру, техникалық кәсіптер, оның ішінде жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру. Сол себепті «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионаты халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, аймақтық іріктеу байқауларын өткізіп, 18-22 жас аралығындағы жастар арасынан үздік кәсіп пен оны меңгергендерді анықтау арқылы өзгелерді соған ынталандыруды міндет тұтқан. Егер былтырғы жылы жеңімпаздар республикалық кезеңге 7 кәсіп бойынша қатысса, биыл 8 кәсіп бойынша жолдама алды.

«Ақмешіт жастары» Қызылорда облыстық жастар газеті , Арай РАХЫМ


Әлеуметтік желілерде бөлісу:
 
%d bloggers like this: