WorldSkills Kazakhstan
 

2016 жылдың 12 – 15 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемпионаты өткізілді.

 
https://worldskills.kz/wp-content/uploads/2016/09/MG_0662-1024x683.jpg

Жарыстың қорытындылары бойынша 2016 жылы Қазақстан Республикасы EuroSkills Халықаралық ұйымының мүшесі болғандықтан Гетеборг (Швеция) қаласында өтетін чемпионатқа ұлттық құрама жинақталады.

Бұл іс-шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру бойынша тапсырмасын орындау салдарында жүргізілуде.

WorldSkills – әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу. Қазіргі таңда Ассоциация құрамына 75 мемлекет енді.

2014 жылы Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының 70-ші қатысушы-мемлекет болып тіркелді. 2015 жылы Қазақстанда алғаш рет WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. Оған ҚР 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан келген 70 астам үміткерлер қатысты.

Ұлттық жарыстың жеңімпаздары Сан-Паулу қаласында (Бразилия) өткен 43-ші «WorldSkills Competition – 2015» әлем чемпионатына қатысып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Биыл өткізілген Ұлттық чемпионаттың негізгі мақсаты – жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге тарту. WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына, алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты Астана қ. 2016 жылдың 12 және 15 қыркүйек аралығында болды. Чемпионатта 15 құзыреттілік бойынша сайысқа түсіп, алдыңғы қатарға шыққан Ақмола облысы: 1 алтын, 1 күміс, 5 қола, екінші кезекте Астана және Алматы қалалары қоржындарына 6 медальдан салса, Қарағанды облысы 5, Шығыс Қазақстан облысы 4, Оңтүстік Қазақстан облысы және Маңғыстау облыстарында 3 медальдан, сондай-ақ Алматы облысы мен Павлодар облысында 2 медальдан, Атырау облысы мен Батыс Қазақстан облыстары қоржындарына 1 медальдан салды.

Байқауға ҚР 16 өңірінен, Астана және Алматы қалаларынан келетін 140 үміткер қатысты.


Әлеуметтік желілерде бөлісу: