WorldSkills Kazakhstan
 

Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамының қатысуы

 
https://worldskills.kz/wp-content/uploads/2016/12/euroskills.png

WorldSkills – бұл дүниежүзінің 76 мемлекеті қатысатын халықаралық қозғалыс. Оның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру және дәріптеу болып саналады. WorldSkills қозғалысы, сонымен қатар EuroSkills жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге тартады және әлемдік аренада еліміздің мамандарына алған кәсіптік дағдылары мен құзіреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
2016 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірігіп ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық чемпионатының мүшесі болды және Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills чемпионатына жолдама алды.
Аталған іс-шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жұмысшы мәртебесін арттыру және жалпы еңбек қоғамын құру бойынша тапсырмасын орындау мақсатындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.
2014 жылы Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының 70-ші қатысушы-мемлекеті болып тіркелді. 2015 жылы Қазақстанда WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді
2016 жылғы Ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған Ұлттық құрам мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына «кірпіш қалау», «құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «плиткамен қаптау», «дәнекерлеу жұмыстары», «электр монтаждау жұмыстары» 5 құзыреттілік бойынша қатысты.
Қатысушыларды EuroSkills халықаралық чемпионатына дайындау шеңберінде ҚР Ұлттық құрамының кандидаттары үшін қазақстандық тренинг лагері ұйымдастырылды.
Қазақстан Ұлттық құрамын әлемдік аренада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары 5 құзыреттіліктер бойынша танытты:
Үшкемпіров Жақсылық Маратұлы («Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» ҚМУ, Қарағанды обл.) – «Кірпіш қалау» құзыреттілігі;
Матаев Алмаз Қалымтайұлы («Тұран-Профи» қала шаруашылығы колледжі, Астана) – «Дәнекерлеу жұмыстары» құзыреттілігі;
Хабатай Айбек Әубәкірұлы («Құрылыс колледжі» КМҚК, ШҚО) – компетенция «Кірпіш қалау» құзыреттілігі;
Смирнов Евгений (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, СҚО) – «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» құзыреттілігі;
Орынбай Саламат Сәрсенғалиұлы («Алматы энергетика және электрондық технологиялық мемлекеттік колледжі» КМҚК, Алматы) – «Электр монтаждау жұмыстары» құзіреттілігі.
EuroSkills байқауына 28 мемлекеттен келген 500 қатысушы қатысты. Қатысушылар WorldSkills 6 бағыты: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, қызмет көрсету саласындағы мамандар, азаматтық көлікке қызмет көрсету салаларының 35 құзыреттіліктері бойынша өнер көрсетті. 40 000 адам, оның ішінде 29 000 мектеп оқушылары EuroSkills халықаралық чемпионатына қатысты. 9 презентациялық құзыреттілік көрсетілді. Іс-шараның қонақтары 7 мемлекет: Канада, Үндістан, БАӘ, Қытай, Жапония, Гонконг, Корея болды. Байқау барысын бақылауға 48 техникалық қадағалаушылар шақырылды.
EuroSkills халықаралық чемпионат нәтидесінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Смирнов Евгений «Best of Nation» номинациясы бойынша медаль алды және өз құзыреттілігі бойынша жоғары дағды мен икемділікті көрсетіп V орынға ие болды.
Барлық сарыпшылар мен қатысушылар байқау қорытындысы бойынша қатысқаны үшін сертификаттар алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісу: